spot_img
spot_img
10.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарҚоғамСпортАқмолалық футболшылар Ұлттық лигада жеңіске жетті

Ақмолалық футболшылар Ұлттық лигада жеңіске жетті

-Жарнама -spot_img

Алматы қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында ұлттық спорт лигасының футзалдан республикалық жарысы өтті.

Ұлттық лиганың мақсаты – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту және танымал ету.

Аталған жарысқа ҚР барлық өңірлерінен 15 команда қатысты.

Ұлттық спорт лигасында өңір намысын жоғары көпсалалы азаматтық қорғау колледжінің студенттері қорғады.

Топтық кезеңде ақмолалық футболшылары ойынды Тараз қаласының командасымен бастап, онда таза жеңіске жетті – 5:0. Ақмолалық футболшылардың екінші ойыны Өскемен командасымен өтті – 4:2. 30 мамырда ақмолалықтар Петропавл командасымен өткен ойында жеңіске жетті – 6:0.

Осылайша А тобынан ақмолалық футболшылар 1 орынға шықты. 1/4 финалдағы Түркістан мен Талдықорған командаларымен өткен ойындарды жеңіспен аяқтады. Финалда ақмолалық футболшылар Ақтөбені 8:3 есебімен жеңді.

Жарыс қорытындысы бойынша Владислав Оберемко Үздік қақпашы деп танылды.

Ақмола командасы кубокпен, дипломмен және медальдармен марапатталды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img