Жұма, Сәуір 26, 2024
11.7 C
Kokshetau
11 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
ЖаңалықтарҚазақстанҚазақстан азаматтары отандық ғалымдар әзірлеген COVID-19-ға қарсы вакцинаны салдыруда

Қазақстан азаматтары отандық ғалымдар әзірлеген COVID-19-ға қарсы вакцинаны салдыруда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан азаматтары өз еріктерімен отандық ғалымдар әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцинаны тәжірибе ретінде салдырылып жатыр. Солардың бірі – саясаттанушы Мақсат Жақау вакцинациядан өткендігін Facebook парақшасында жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін адамзаттың қас жауына айналған COVID-19-ға қарсы отандық вакцинаны арнайы медициналық тексерулерден іріктеліп, өз еркіммен салдырдым. Қатысушылар көп. Бірақ денсаулықтарына байланысты көбі өтпеді. 18-бен 50 жас аралығындағы кандидаттар тізімімен вакцинацияның екінші кезеңінде тәжірибелік топқа ендім. Вакцинаны жасаумен медицина ғылымында есімдері әлемге танылған профессорлар айналысты. Бұл ғылымымыздың жоғарғы көрсеткішін танытады. Бұйырса вакцинаның оң нәтижелеріне қарай еліміздің ғана емес, әлемдік деңгейде адамзаттың игілігіне қолданатын ем-домның шығуына сенуіміз керек. Бастысы вирус болса оның антивирусы да болуы керек. Отандық ғылым сол жолда ізденіс үстінде», – дейді Мақсат Жақау.

Айта кетейік, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов те коронавирус індетіне қарсы әзірленген отандық вакцинаны салдырғандығын айтқан болатын. Бұған дейін ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында әзірленген коронавирус инфекциясына қарсы QazCovid-in вакцинасын клиникалық зерттеу басталған хабарлаған едік.


Сілтеме: inform.kz  https://www.inform.kz/kz/kazakstan-azamattary-otandyk-galymdar-azirlegen-covid-19-ga-karsy-vakcinany-saldyruda_a3707748

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...