Жұма, Сәуір 26, 2024
13.2 C
Kokshetau
12 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаМинивэн екі жүк көлігімен соқтығысып, 2 адам қаза тапты

Минивэн екі жүк көлігімен соқтығысып, 2 адам қаза тапты

6 маусым күні сағат 11:00 шамасында Қостанай – Әулиекөл – Сурған автожолында адам өлімімен ЖКО болды.

Салонында 4 жолаушысы бар Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі, оның үшеуі оның кәмелетке толмаған балалары, рөлді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Көкшетау қаласының тұрғынының басқаруындағы, қарсы келе жатқан Renault жүк көлігімен соқтығысуға жол бергені анықталды.

Әрі қарай, минивэн Атбасар қаласының тұрғынының басқаруындағы DAF фурамен бетпе-бет қақтығыс жасады.

Апат салдарынан 46 жастағы Toyota автокөлігінің жүргізушісі және оның 2013 жылы туған ұлы қайтыс болды. Минивэннің тағы үш жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.

#POLICE_of_KZ

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...